Қарағандының жолдарында электробус сынақтан өтті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда бір ай бойы Саран қаласындағы QazTehna зауытында құрастырылған Yutong электр автобусы сыналды. Жолаушылар отыз орындық қоғамдық көліктің ыңғайлылығы мен жайлылығын жоғары бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.