"Концлагерьде ұстаған ба?" Түрмеден шыққан Арон Атабектің суреті көрген жанды шошытты
Диссидент ақын Арон Атабектің әлеуметтік желіде жариялаған тіз киімшең ғана тұрған суреті көрген адамды бей-жай қалдырмады. Көпшілік ақынды "нацистік концлагерь тұтқыны кейпіне жеткізген" билікті сынады. Ал суретті "әдепке жатпайтын, ұят" санайтындар керісінше, оны жариялағаны үшін диссиденттің туыстарын айыптап жатыр. Батыс журналистері мен құқық қорғаушылар саяси тұтқынның суреті Қазақстандағы адам құқығы ахуалы мен түрмедегі азаматтардың жайынан хабар беретінін айтады.