Басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер етеді - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ғалымдары басшылар өз қоластында қызмет ететін адамдарға жұмсағырақ қатынасқаны жөн деген қорытындыға келді. Олай істемеген жағдайда қызметкерлерде ішкі қарсылық туындап, соның салдарынан жиі ауыратын болады-мыс. Зерттеу - басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер ететінін көрсеткен.