Айтыс Анадолы төрінде ұлықталды
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркия астанасы Анкара қаласындағы «Қорқыт ата» мәдени орталығында халықаралық ақындар айтысы өтті. Айтыс өнерін түркі халықтарына таныстыру мақсатында ұйымдастырылған мәдени іс-шараға қазақ, қырғыз, өзбек, әзербайжан және түрік ақындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.