Есірткісіз - өмір ғажайып
Елбасының “Қазақстан-2030 жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Адамның денсаулығы-ең маңызды байлық болғандықтан оны сақтап, күту керек.
ҚЫЗЫЛОРДА ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға "Есірткісіз-өмір ғажайып"
Елбасының “Қазақстан-2030 жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Адамның денсаулығы-ең маңызды байлық болғандықтан оны сақтап, күту керек.
Салауатты өмір салты дегеніміз бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған белсенді іс-әрекет. Бұған дұрыс тамақтану, денені шынықтыру, зиянды әрекеттерден:темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және басқа да заттардан аулақ болу жатады. Себебі, қазіргі таңда көптеген жастар жаңа заттарға әуес болып, осындай зиянды әрекеттерге барып жатады. Оның бірі- есірткі.
Есірткі-адам өмірін құрдымға сүйреп, оған үлкен зиянын тигізетін химиялық зат. Оны бір қолданғаннан-ақ естен айырып, адамды ауру қылып, өзіне тәуелді етеді. Қазіргі...