Түркиядағы қандастар: Басты мақсатымыз – қазақ тілін дамыту, мәдениетімізді таныту
АНКАРА. ҚазАқпарат – Егемендігіміздің елең-алаңында Түркия алғашқы мемлекеттердің қатарында тәуелсіздігімізді мойындап қана қоймай, еліміздің жастары жоғары білім алуы үшін үкіметтік арнаулы бағдарлама ұсынғаны белгілі. Сол бағдарлама арқылы 90-жылдардың басында Анадолыға аттанған қазақ жастарының басым бөлігі білім алып елге оралғанымен, біразы тағдырдың жазуымен сол елде қалып қойды. Анкараға сапар барысында Түркияда тұрып жатқан «Көк ту» қазақ мәдениеті қауымдастығының мүшелерімен кездесіп, азды-кем сұхбаттасқан едік.