Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде

Талас ауданы Қаратау қаласында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібектің тікелей ұйытқы болуымен спортта талай биік белестер мен жетістіктерді бағындырып, 30 жылдан бері облыс, аудан жалпы еліміздің абыройын асқақтатып жүрген Е.Богунованың жүлдесіне арналған дзюдодан облыстық турнир өтуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталмыш турнир Әнұранымызбен әуелей ашылып, Талас ауданы әкімінің орынбасары сөз сөйледі.

Сондай-ақ, Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, Е.Богуноваға Сарысу ауданының Құрметті азаматы төсбелгісін табыстады.

Жасөспірімдер алдында самбо күресінен әлем чемпионатының 6 дүркін, дзю-додан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Атланта олимпиадасының қатысушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған, жерлесіміз — Евгения Богунова сөз сөйлеп, жетістікке жетудің жолдарын, ол үшін, сенімділік, дайындық,тек қана еңбек, тәжірибе қажеттігін айтып, аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Расында Е.Богунова мектеп қабырғасында жүргенде КСРО-ғы дзю-до бойынша ұлттық құрама мүшесі болған Евгения, Қазақстан Республикасының әйелдер дзю-досының дамуының бастауында тұрған алғашқы әйел спортшыларының бірі.

 Ол, 1989-1997 жылдары самбо мен дзю-до күресінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының мүшесі, әрі аталған спорт түрлерінің сөзсіз көшбасшысы атанды.

2005 жылға дейін спорттың әртүрлі биіктерін бағындырып, өз жетістіктерімен дзю-до және самбо күресінің шыңына шықты деуге болады.

Жалпы, ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағыты басты назарда тұр.

Барлық ауылдық округтерге спорт алаңшалары ел игілігіне қызмет етуде.

Жылдан-жылға жас спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді.

Спортты кеңінен насихаттау мақсатында соңғы жылдары облыстық, республикалық жарыстарды, турнирлерді ауданда өткізу қолға алынып келеді.

Талас ауданында алғаш рет өткізіліп отырған бұл турнир жас таланттарға үлкен спортқа, аренаға жолын ашады.

Жарысқа Тараз қаласынан 7 команда және 8 ауданнан 500 ге жуық дзюдодан 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысуда.

Сообщение Талас ауданында дзюдодан облыстық турнир өтуде появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *