Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 50 үздік ғалымы 6 миллион теңгеден алады. Ақшалай сыйақылар «Үздік ғылыми қызметкер» республикалық байқауының қорытындысы бойынша берілетін болады. Бұл ғалымдарды қолдауға бағытталған алғашқы ауқымды сыйақы. Өтінімдерді қабылдау 15 қараша басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.