Дипломмен – ауылға: Жаңаөзенге барған мұғалімдер көтерме қаражат алмаған
ЖАҢАӨЗЕН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен Жаңаөзен қаласына барған жекелеген мұғалімдер көтерме қаражат алмаған. Бұл туралы облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың қалаға екікүндік жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.