Шортанбайдың «Жиырма бес» әні
Қазақ әні мені қай жерге, қай қиырға апармады. Әлі де... әлі де жол үстіндемін. Тағы да бір үзік сырды айтқалы отырмын. Шыңжаң қазақтарының атақты әншісі Хамит Ысқақұлы коп толғандыра беретін-ді. Ол Алматыға бір-екі рет келді. Сол күндерде көп шырқаған әннің бірі — беймәлім «Жиырма бес» еді.
Ал бір күні Алматыда бір отырыс үстінде осы «Жиырма бестің» сезін айтып отырғанымда, жазушы Әнес Сараев тебірене сөйлеп: «Мен дәл осы нұсқаны Ақмола жағында қайын жұртыма барған бір сапарымда сондағы бір көне көздердің «оу, бұл Шортанбайдың әні ғой» деген сөзін естідім» деді. Бұл — ойландыратын сөз. Қатыгез мезгілден қанша қиястық көрсе де, Шортанбай түгіл...