Биометриялық сәйкестендіру, GPS жүйелер – Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу талаптары күшейе түсті. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алу сынағындағы жаңа биометриялық жүйе мен жаңартылған автодромды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.