ШҚО-да «Реал Мадрид» тәжірибесі бойынша жаттықтыратын футбол академиясы құрылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО әкімдігі және испандық консалгтингтік «SOXNA» компаниясы арасында «Реал Мадрид» футбол клубының тәжірибесі бойынша жаттықтыратын 100 орындық футбол академиясының құрылуына меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.