Өнердегі шығармашылықтың даму жолы
Музыкалық платформадан ән сатып алу
Қазірде заман ағымына ілесіп шыққан әндер хит тізбегінің көшін бастап тұр. Алайда, тыңдарманның барлығы ол әндерді ресми платформадан сатып алып тыңдайды ма? Мәселе осында. Біз кез келген өнерді, туындыны сатып алу арқылы бағалай аламыз. Дәл сол сияқты әрбір әнді де сатып алуға арналған арнайы музыкалық платформалар бар. Ал бір әннің бағасы 129 теңгеден кем болмаса, асып түспейді. Соған қарамастан, көпшілік жаңа шыққан әнді телеграм, вк секілді тегін платформалардан тыңдауды доғарар емес. Оның үстіне, қазірде жастар сүйіп тыңдайтын, әндері хит болып жүрген әртістер туындысының сөзін де, әнін де өздері жазады. Міне, сондықтан да, өнер бағалануы керек. Дегенмен, әртістер сатып алынған әндер...