«QAZAQSTAN ДАУЫСЫ» мегажобасының жеңімпазы анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төрт ай бойы отандық телеарналардағы сенбілік бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша көш бастаған әйгілі «The Voice» шоуының қазақстандық нұсқасы мәреге жақындады. Бүгін 4 тәлімгер мен 4 үміткер арасынан үздігі анықталды, деп хабарлайды аталған телеарнаның баспасөз қызметі.