Ақын анасы туралы бір үзік сыр
Келген босағасының тілеуін алаңсыз тілеген келін осындай болар...
(сыр-сұхбат)
Келген босағасының тілеуін алаңсыз тілеген келін осындай болар...
Апай сырға толы көкірегінен суыртпақтай әңгіме бастаса, менің міндетім бір сөзіне де қиянат келтірмей жаза беру ғана...
Бұл жолы келін ене туралы сыр шертті. «Жұмекенді құдайдан тілеп жүріп көтергем...» дейтін анасы
Жұмекеннің өз анасы — Мүслима Айдынқызы, руы Беріш, Гурьев облысының Теңіз ауданындағы 13-ші объезд деген жерде 1915 жылы туған. Туған анасынан үш жасында жетім қалып, өгей шешенің тәрбиесінде өскен. Жұмекеннің әкесіне тұрмысқа шыққанда 15 жаста екен. Нәжімеден атамыз жалғыз ұлы Сабыреденін ерте үйлендірген ғой. Мүслима апай Жұмекенді — тұңғышын келін боп босаға аттаған соң 4 жылдан кейін босаныпты. Жұмекен өз...