Сөз Асқар туралы
Бүгінгі таңда партиямыз, бүкіл совет халқы саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуымызға байланысты болашақ мүдделеріміз жайлы ақылдасып, таразыға салған үлкен тарихи құжаттарды талдау үстінде. Мұнда ішкі-тысқы саясатты ескере отырып рухани мәдениетіміздің ата қазығы әдебиет пен өнердің бағыт-бағдарын белгілеуге де аз орын берілмеген. Бұл салада қол жеткен табыстарды бұдан былай да жалғастыра, жандандыра берудің жол-жобасы көрсетілген. Сол жақсыны жалғастыру көпұлтты совет қоғамының мызғымас салтына айналған барды бағалау дәстүрінен басталатыны мәлім. Кеше совет театрын, өнерін дамытуға сіңірген еңбегі үшін, «Халықтар достығы» орденімен 70 жасқа толуына байланысты марапатталып отырған Асқар Тоқпанов сол мызғымас салт-салтанаттың тағы бір көрінісі. Бұл награданы тек Тоқпановқа тартылған сый емес, партиямыз бен...