Біздің сүйікті дәрігер
Республикамыздың кинотеатрларында көрсетіле бастаған «Біздің сүйікті дәрігер» атты музыкалық-комедия Алматы киностудиясының ойламаған жерден тапқан табысы. Кейінгі жылдары одақтық экранға шығып, көркемөнер қайраткерлерінің өнерін көрсеткен фильм -концерттердің көпшілігі жұртшылықтан ұнамды баға алғанмен келе-келе біріне-бірі ұқсас машыққа түсіп кеткені мәлім. Ал, «Біздің сүйікті дәрігер» комедиясының олардан өзгешелігі — творчестволық коллектив осы жанрға келуде жаңа жол, шебер әдіс тапқан. Барлық оқиғаны сюжеттік қазыққа құрып, соның төңірегінде қойған мақсатын ақтаған.
Еңбекқор қарапайым совет адамы — абыройдың да, сый-құрметтің де иесі. Фильмнің идеялық өзегі осы. Қатардағы адал жандарға деген қамқорлық, жолдастық кең пейіл, бауырмалдық, совет адамдарына тән жоғары моральдық қасиетті паш ету шығарманың өн бойын...