Мы в Telegram
Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Екі сөмкеден бес миллионға дейін. Алматыдағы көне кітап дүкенінен фоторепортаж

Екі сөмкеден бес миллионға дейін. Алматыдағы көне кітап дүкенінен фоторепортаж

Қазір Алматыда Байтұрсынов, 63 мекенжайындағы жертөледе 5 миллион кітап бар десек сенесіз бе? Ойлап қарасақ, адам сенгісіз көп көрінеді. Бірақ осы байлықты Татьяна Митрофанова 1990-жылдардан бері жинап келген. Сол уақытта жұмыссыз қалған ол кітап саудасын екі сөмке кітаптан бастаған екен. Tengrinews.kz тілшілері қаладағы көне кітап дүкенінен фоторепортаж әзірледі.  

Дүкенге кіре бергенде студент қыздарға кітап таңдауға көмектесіп жүрген Татьяна Митрофанованы көрдік. Шапшаң қимылдап, сұраған авторыңның қандай кітабы бар екенін жатқа білетін, бар нәрсені миллиондаған кітаптың арасынан асқан шеберділпен тауып беретін кейуанаға қарасаң 70 жаста деу қиын. Одан позитив сезіледі. 

"Букинист" үш бөлмеден тұрады. Екі жыл бұрын Никольский базары сүрілгенде осы жертөлеге көшіп келуге мәжбүр болған Татьяна жиналған кітаптардың бәрін өзі реттеп, орын-орнына қойған екен. Ақырындап орналаса бастағанда ұйымдар үстел, шкафтар беріпті.  

Жақында ғана кіреберіс бөлмеге жарық орнатқан оның қуанышында шек жоқ. "Енді-енді аяққа тұрып жатырмыз" дейді ол. Алайда әлі де кітап сөре жетіспейді.

"Ол кезде бәріне қиын болды" деп бастады әңгімесін Татьяна Митрофанова.

"Мен байланыс басқармасында жұмыс істедім, қысқару болып, жұмыссыз қалдым. Сөйтіп үйдегі бар кітабымды жинап Панфилов көшесіндегі саябаққа шықтым. Екі сөмкемен бастадым", - дейді кейуана.

Содан адамдар өзі келіп, кітаптарын ұсына бастаған екен. Екі кітап береді де біреуін алып кетеді. Мұндай алмасу әлі күнге дейін бар. "Мен ғана осылай жасаймын", - дейді ол. 

Сөйтіп жүргенде кітаптар да көбейе берді. Көк базардан кішігірім үстел тауып, сонда тұрады. Сауда жасайтын орны уақыт өте осылай үлкейе берді. 

"2005-2006 жылға қарай Никольский базарына көшіп бардық, 4 бутигім болды. 15 метр кітап далада тұратын. Аязда да, қарда да күні бойы далада тұратынмын. Қиын болды. Бірақ кітаптарды жақсы алатын, себебі бізде айырбас бар. Көбіне ересектер кітап айырбастайды", - дейді Митрофанова. 

Осылайша Никольский базарын сүрілгенде осы жерге көшіп келген. Мемлекеттен ешқандай өтемақы болмағанын да Татьяна Митрофанова күлімсіреп айтып отыр. "Қарызға батқанымыз болмаса..." дейді ол. 

Мұнда айына жалға алу үшін 150 мың теңге төлейді екен. Соның өзін пандемия басталған уақытта, карантин кезінде табу қиын болған. Адамдардан ең болмағанда бір кітап алуын өтінген кездер де болғанын айтып отыр.

"Қазір енді жағдай жақсырақ, Интернеттің арқасында келушілер көбейді. Бұрын негізінен ересектер келетін, қазір жастар көп. Интернетті мойындамайтын едім. Бір қыз сайт жасап беруге көмектесті. Бір қыздар видео түсіріп, Желіге салды. Аяққа тұра бастадық", - дейді ол.  

"Мен кітаптарды жақсы көремін. Бәрін қабылдай беремін. Сосын іріктеп орын-орнына қоямын. Кейбіреуін тегін беремін. Біреу бір нәрсе алса, үстіне қосып кітап сыйлаймын, карточкалар беріп жіберемін. Балалар, жастар мені жақсы көреді. Сыйлық жасағаныма мәз болып қалады", - деп әңгімесін жалғастырды букинист.

Осылайша мұнда кітапты тегін алып кетуге де болады, 300 теңгеге де кітап табылады. Ал ең қымбаты - 5000 теңге. 

Татьяна Митрофанова оқыған кітаптарының бәрін қазір санай алмас, "Совет кезінде барлық кітапты оқыдық қой! Қолымызға түскенді оқитынбыз" дейді ол. 

Осы уақытта Татьяна Митрофанованың құрбысындай болып кеткен тұрақты клиенті келді.

Балалары көшеміз деп үйіндегі бар кітапты шкафымен қоса лақтырып тастаған соң, қайта орнын толтыруға "Букиниске" келген Наталья Александровна "Таняны далада сауда жасап отырған кезінен білемін, 20 жыл болды" дейді.

"Таняға Саин мен Шаляпин көшелері қиылысынан арнайы кітап алуға келемін. Себебі таңдау бар, арзан, біз сияқты зейнеткерлерге нағыз керек нәрсе. Бастысы ол сыпайы, көңіл-күйіне қарамастан бәрін түсіндіріп, айтып береді. Мұндай сатушыны іздеу керек", - дейді келуші.

Наталья Александровна бұл жерден кітап алып, кейін оқып болған соң басқасына айырбастап кетеді екен. 

"Қазір "Местер и Маргарита", "Поющие в терновнике", "Жестокий век", "Кочевники", "Абай жолы" қайта сәнге айналды, осы кітаптарды көп сұрайды. Жұрт ескі басылымды іздейді. Себебі оларда қате жоқ, қағаздары берік, жақсы кітаптар 70 жыл болсын тұра береді", - деп жалғастырды Татьяна Митрофанова. 

"Ең ерекше кітабыңызды айта аласыз ба?" дегенде "И.Сталин шығар, 1946 жыл, өте сирек кітап, толық 13 томы бар, бұл оның өз еңбектері", - деді ол.   

Ерекшелердің ішінде "Қазақ совет энциклопедиясы" да бар екен. 12 томы.  

Букинистегі "Өнер" бөлімін Татьяна Митрофанова ерекше жақсы көреді. "Мына бөлмеге кірейікші, сонда әдемі" деді келе салғанымызда. 

Мұнда әлем әдебиетінің үздіктері жазған том-том кітаптар жиналған. 

Ал мына кітаптардың сыртын қайта жасатқан екен. Өзі сияқты қария кісі түпнұсқамен бірдей қылып жасап береді екен. 

Амал не, дүкеннен қазақша кітаптар өте аз табылды. "Қазақша ешкім әкелмейді", - деп күрсінді Татьяна Митрофанова. 

Не дегенмен бұл жақтан классикалық танымал шығармаларды табу қиын емес. Александр Дюма, Лев Толстой, Шолом-Алейхем, Александр Пушкин жинақтары және тағы басқалары бар.

"Эстетическая культура казахского народа" атты кітапқа көзіміз түсті.

"Букинистен" балалар оқулығы да табылады. 

Біз келгенде жүрген қарт кісі мына бір кітапты таңдап, 2000 теңгеге сатып алды. Татьяна Митрофанова бұл өте сирек кітаптардың бірі екенін айтты, оған қоса математикадан оқулықтар өте аз екен.

"Жас кезімде алмаған білімді қазір толықтырып жатырмын" дейді сатып алушы.

Татьяна Митрофанова өзі сүйіп оқыған кітаптарын да айтып берді.

"Француз жазушысы Жорж Сандтың "Консуэло" романы. Негізі Жорж Сандты сүйіп оқимын. Немесе Эмиля Золяның "Страница любви" кітабы. Қазір ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің "Сага о Форсайтах" кітабын оқып жатырмын. Біріншісін аяқтап, екіншісіне көштім, өте қызық", - деді ол.

"Букинисте" жаңа кітаптар да табылады. Көбіне бұлар дүкенге қоюға жарамай қалған, кішкене бүлінген кітаптар. "Бірақ "Букиниске" бола береді ғой" дейді кейуана. 

Татьяна Митрофанова дүкендегі жалғыз сатушы. "Таңертең келіп, кешкі 8-ге дейін боламын" дейді. Арасында еріктілер келіп көмектеседі екен. "Алайда жастар классиканы нашар біледі. Кітаптарды жинап беруін сұрасам, шатастырып тастайды. Олардан кейін еш нәрсе таппай қаламын", - деп күлімсіреді әжей.

Бірақ келген көмектен бас тартпайтынын айтқан ол әркімге жұмыс беруге тырысатынын бөлісті.

"Шаңын сүрткіземін, жинатамын. Есесіне балалардың өзі мәз болып қалады. Бірақ негізінен бәрін өзім істеуге тырысамын", - деді ол.

Татьяна Митрофанованың әлемі, өмірі - осы бес миллион кітаптың айналасында секілді көрінді. Әңгіме барысында ешкімнен көмек те сұрамады, ешкімге шағымданбады да. Кейуанадан бір кітап сатып алсаң да қуанып қалады. Ең жақсы қолдау осы ма деймін. Біз де Татьяна Митрофановадан таңдаған кітабымызды сатып алдық. Маған тіпті біреуін сыйға тартты. 

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Школьника из Лобни наградили в финале всероссийского конкурса исследований

Более 250 человек приняли участие в детском турслете в Химках

Компенсационные автобусы назначены на Казанском направлении МЖД в июне

В Москве строители-мигранты поселились в новостройке, помешав хозяевам квартир

Музыкальные новости

Обманул сына, бросил жену в 90 лет и потерял дочь: яркая жизнь Бедроса Киркорова

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

"Гриша, уходи!": реакция интернет-сообщества на вылет "Урала" из РПЛ

Студия Звукозаписи в Москве. Создание Песен, Музыки, Аранжировок.

Новости России

Наталья Сергунина: Сумма одобренных Москвой ...

Победитель фирменной игры «Авторадио» получил ключи от Oting Паладин

Гимнастки из Лобни выиграли 10 золотых медалей на областном турнире

Никас Сафронов показал квартиру за 7 млрд, которую отдаст государству

Экология в России и мире

Тысячи активистов разгромили офис Socar в Стамбуле, обвинив «Азербайджан» в поддержке геноцидальной политики Израиля в Палестине

«585*ЗОЛОТОЙ» выступила партнером медиафестиваля творческой молодежи YOUPITER

Раскрыт секрет, как и где отдохнуть в России летом за 11 тыс. рублей

Улыбка сделала слушателя «Юмор FM» миллионером

Спорт в России и мире

Бывшая российская теннисистка спела гимн Франции: «Я здесь дома»

Медведев высказался об игре Свёнтек

Российские ракетки сообразили на троих // Даниил Медведев, Мирра Андреева и Элина Аванесян дружно вышли в 1/8 финала теннисного Roland Garros

Ролан Гаррос. Расписание 2 июня. Потапова и Швентек сыграют первым запуском, Синнер – последним

Moscow.media

Водитель "Лифана" погибла после аварии с фурой

Для строительства участка Приморского кольца в Калининградской области ищут подрядчика

У «Грузовичкоф» появился чудесный чудик

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: Свыше 5,2 миллиона жителей Московского региона получают набор социальных услуг в натуральном виде







Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *