2021 жылы мемлекет бюджетіне 10,7 трлн теңге салық түсті - Қаржы министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,6% орындалды (жоспар бойынша 10 346,9 млрд. теңге, 377,4 млрд. теңгеге асыра орындаумен 10 724,3 млрд. теңге түсті), 2020 жылмен салыстырғанда 25,3% немесе 2 163,1 млрд. теңгеге өсті.