Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей президенттерінің бүгінгі келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.