Ауызша аударманы үйренуге бола ма?
Ауызша аударманы үйренуге бола ма?
Аударма – адамдар арасындағы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызатын, ежелден бар болған мамандықтардың бірі әрі бірегейі. Аударманы әрқашан аударма теоретиктері сан қырлы, күрделі құбылыс ретінде санаған. Себебі, аударманың негізі – мәтін деп алсақ, көбіне ондағы тілдік ерекшеліктер мен белгілер тікелей тіл біліміне, яғни лингвистикаға қатысты болып келеді. Ал, жазбаша аудармада көркем әдебиетті аудару әдебиет саласымен тығыз байланысты. Ауызша аудармаға келер болсақ, аударманың бұл түрі ғылым, саясат, әскер, медицина тіпті психология саласына да қатысты.
Аударма ісі аудармашыда нақты жеке қасиеттер, білім, дағдылар мен қабілеттердің болуымен қалыптасады. Ауызша аударма саласында екі негізгі түрін ажыратуға болады, олар: синхронды аударма...