Ақтөбеде екі апта ішінде 17 қару тәркіленді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде екі аптада 17 қару заңсыз айналымнан алынды. Сонымен бірге қару ұстайтын адамдар тексеріліп, 300-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.