Энергетикалық сусын:жаңа дерт пе?
Соңғы кездері өскелең ұрпақ арасында түрлі энергетикалық сусындар танымал болуда. Айналаңа карасаң, серуендеп келе жатқан жастардың, емтиханға дайындалып жатқан студенттердің қолдарында күш-қуат беретін сусын толы құтыны көруге болады.
Ал сусын өндірушілері қалтаңыз көтерсе, шөліңді әп сәтте қандыратын тәтті судың түр-түрін ұсынуға дайын болса, дүкен сөрелері сатуға асық. Сыртқы қаптамаға назар аударсақ, сусынның орташа бір құтысы күш-қуат беріп, ұйықышылдықтан арылтады деп кепілдік береді. Бірақ энергетикалық сусындардың қаншалықты қауіпті екендігін және алкоголь сияқты тәуелділікті тудыратынын көбі түсіне бермейді. Ендігі жерде өзіңізге бір ғана сұрақ қойыңыз – «екі сағаттық энергия үшін денсаулығыңызды құрбан етуге дайынсыз ба?»
Алдымен энергетикалық сусын...