Міржақыптың "Жастарға" үндеуі
Үндеу - өлеңдер ұлттық сананы қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Сондай туындылардың бірі- Міржақып Дулатовтың "Жастарға" өлеңі
Қазақ елінің қамын ойлап, халқына үндеу тастайтын батыл Алаш зиялыларының бірі - Міржақып Дулатов. Қайраткер өзгерісті тек жаңа толқын алып келетінін білген. Сол себепті, 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Міржақып:
"Найзаменен түртсе де,
Жатырмын, қазақ, оянбай." - деп отаршылдық езгінің сипатын найзаға теңейді.
"Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!
Бар ма екен біздей ғафыл жұрт,
Атырафқа көз салсақ.
Көзі іскенше ұйқыға
Келе жатқан тоя алмай?"-деп халқының төзімділігіне қайран болса да, бұл үнсіздікке налығанын айтады.
"Етемін үміт жастардан,
Жаңа гүл шашқан бақшадай," деген жолдар Міржақып жастарға үміт артып, үлкен өзгерістер күтетінін аңғартқандай.
Ал: "Мұрадын оңай...