Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
![Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20150414221922.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ғылыми конференция болып өтті. Оған қоғам қайраткерлері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының тарихшы ғалымдары, студенттер және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.