ҰҚК басшы қызметіне тағайындау үшін ақша алатын адамдар тобын ұстады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласы полициясы, ҰҚК Ақтөбе және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерімен бірлесіп, аса ірі мөлшердегі алаяқтыққа күдікті адамдар тобын ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат комитетке сілтеме жасап хабарлайды.