17 наурыз күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – 17 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Оңтүстікте жауын көбіне жаңбыр түрінде болады. Оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың тек солтүстігінде ашық күн райы болжанады. Елдің барлық аумағында екпінді жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.