Алматыдағы дауыл: құлаған ағаштар автокөліктерді қиратты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда қатты жел мен жауын-шашынның салдарынан қаланың әр аймағында көпжылдық ағаштар құлап, автокөліктерді басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.