Протестантизм философиясы
Протестантизм тарихы туралы мақала. Реформацияның пайда болуы, ең алғашқы реформатор-протестанттар, олардың философиясы, контрреформация туралы ақпарат. Мақала тарихшы, дінтанушы студенттерге арналған.
Реформация ( лат reformatio — қайта құру, түзету) — римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс. Реформацияның көсемдері және негізін салушылар — М. Лютер мен Ж. Кальвин.
Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырдың алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық...