Маңғыстаудың ежелгі қалалары
Маңғыстау - республикамыздың даңқын әлемге әйгілеп отырған қазына қоймасы, газ бен мұнайдың өлкесі, көл-көсір тарихы мол өлке. Оның дархан өлкесі Австрия, Швейцария, Нидерланды және Люксембург тектес бірнеше мемлекет түгелімен сиып кетер 8 миллион гектар жерді алып жатқан кең аймақ. Қойнауы- кенге, қыры-мыңғырған малға толы, халқымыздың рухани байлығын әйгілейтін архитектуралық тарихи және мәдени, әдеби мұралар мол сабақталған осы аймақ туралы ертелі-кешті көптеген еңбектер жарық көрген.