Жаңбыр, жел – 18 сәуір күнгі ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 сәуірде Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлеріне оңтүстік циклон жырасы әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр күтіледі. Елдің оңтүстігінде, онымен қоса найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Барлық өңірде жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман байқалады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.