40 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион өткізу және оның шарттары туралы хабарлама орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.