Ақмола облысында Қопа көлін тазартуға 12,1 млрд теңге бағытталмақ
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Келер жылы Көкшетаудың іргесіндегі Қопа көлін тазарту жұмыстары басталады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.