Жұма күні елімізде ашық күн райы сақталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 сәуір күні республиканың басым аумағында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің тек оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай, дауыл күтіледі. Барлық өңірде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.