КӨШ және КЕРУЕН
Мақаланы оқу арқылы КӨШ және КЕРУЕН түсініктерін ажырата аласыз.
Көш және керуен түсініктері ертеден қазақ халқының мәдениетіне терең сіңген терминдер. Қазақ халқының болмысын көші-қонсыз, Ұлы Жібек жолындағы саудасыз елестету мүмкін емес. Бірақ осы терминдердің мән-мағынасын шатастырып алмас үшін, негізгі аспектілеріне тоқталып өтсек.
Көш- көшпелі ортада адамдар тобының этникалық ұжымның белгілі бір мақсатқа байланысты жолға шығу үрдісі.
Көшбасшы- көші-қон үрдісін басқару үшін арнайы сайланған жауапты адам. Әдеттік құқығы мен қалыптасқан қатынас нормалары мен шаруашылықты ұйымдастыру технологиясын жақсы білетін ел ішінде беделді адам сайланады. Кейде көшбасшылықты өте жауапты кезеңде рубасы ақсақалының өзі де атқарады.
Көшті аластау- қыс мезгілі көшпелі қауым үшін түнек, пәле-жалаға толы қолайсыз кезең болып саналады. Қыстаудан көшерде қыс...