Қарттар мерекесі аясында майдангерге пәтер кілті табыс етілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тағы бір жағымды жаңалық, бүгінгі қарттар күні мерекесінде аудан əкімі Сұлтан Мақашов Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер Қуанышбай Бисенбаевқа жаңа пәтердің кілтін табыстады. Бұл туралы Қармақшы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.