Теректі аудандық білім беру бөлімі басшысына 18,9 млн. теңге айыппұл салынды - Орал қалалық соты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 2 қыркүйек күнгі үкімімен Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Светлана Шүкірова ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы, 24-бабы 3-бөлімі-366-бабы 3-бөлімі 4-тармағы, 189-бабы 3-бөлімі 2-тармағы, 24-бабы 3-тармағы-189-бабы 3-бөлімі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып және 58-бабы 3-бөлімі қолданыла отырып, оған мүлкін тәркілеумен бірге 18,9 млн. теңге айыппұл салынды.