Бүгін - референдум алдындағы тыныштық күні
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі - 5 маусым күні Қазақстан азаматтары Ата заңымызға енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты тағдыршешті шешім қабылдайды. Ал дәл қазірден, сағат 00-00-ден бастап республикалық референдумға қатысты үгіт жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Яғни, тыныштық күні басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.