Дегерес жылқы зауыты туралы аз сөз
Дегерес жылқы зауыты Жамбылдың ауылынан 45 километрдей жер. Сол Суықтөбенің солтүстік бауырына таман, Қопа жазығына шығар шеткі биік адыр. Бұл жер ерте кезде (осы күнгі Үшбұлақ колхозы, отырған Жамбыл ауданы) Тайторы деген елдің жері екен. Бұл жерге жылқы зауыты 1931 жылы орнаған. Алматы қаласының байлары Маслов, тағы бір-екі бай қосылып хутор салып, кестіріп алған, артынан Племхоз ұйымдастырылған. Ол байлар колхоз ұйымдасқаннан кейін фермасы конфескеленіп, үкімет қарамағына алынып, зауытқа айналдырылған. Бұл жылқы зауытына Жамбыл жылда келіп өлең айтып, асыл айғырлар мен аттарды көріп аса қызығушы еді дейді.
Жамбылдың Дегерес жылқы зауытына көп келуіндегі бір себеп: Бұл зауыт болмай тұрғанда, Маслов оған...