Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абайды тану - қазақ халқын танумен бірдей. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік уақытқа ие. Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Ол дүние жүзі даналығы мен дарылығын тани білген ғұлама. Ұлы ақын сөз өнерін өмір бойы қадірлеп, оның маңызын тани білді. Өлеңді тау шынарындай биік тұтып, құрамында иненің жасуындай кемшілік немесе артық сөз болмауын талап етеді.
А. Байтұрсынов Абай өнерінің не себепті қадірлі болатынын сырын ашып: «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орамды болуына сыншылық керек. Мағыналы,...