1938 жылғы Жамбылдың ақындығына 75 жыл толған тойы
Қазақ Республикасының астанасы Алматы қаласы Кеңес үкіметі орнаған аз жылда қандай жаңарып, гүлстан болғанын Жәкең өз жырларында әдемі көрсеткен еді. Жамбыл өмірін жасартып, жаңа бақыт берген заманы оның жасынан бірге жасасқан, сан әдемі жырын ағытқан қаласын да, халқын да бақытқа бөледі.
Май айының әдемі күні, бау-бақшасы гүл атқан Алматының, қарт бауыры Жамбылдың өте бір ерекше дәреніне әзірленді. Ол Жамбылдың ақындық қызметінің жетпес бес жылға толған асқар белесі еді. Бұл мереке бүкіл Кеңестер Одағы болып ұлы құрметпен қарсы алған думан болды.
Бұл думанға Кеңестер Одағының 170 миллион халқы тұтас қатынасты. Туысқан республикалардан арнаулы қонақтар келді. Кеңестер Одағының түкпір-түкпіріндегі Ұлты басқа, жүрегі...