Заңнамаға құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру мәселелері туралы түзетулер қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазанда Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.