АҚШ-қа келетін жолаушылардан енді коронавирусқа тест талап етілмейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы жексенбіден бастап АҚШ-қа ұшып келген жолаушылардан COVID-19-бен ауырмайтыныңызды растайтын анықтама талап етілмейді. Тап осындай талап Канада, Ұлыбритания мен өзге де бірқатар мемлекеттерде енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.