Жолаушы құқығы: әуе рейсі кешіктірілгенде қойылатын талаптар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалған жағдайлары да болды. Осы орайда, ҚазАқпарат «Эйр Астана» компаниясына сілтеме жасай отырып, әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлайды.