Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымына Делмұханов Марат Нұрсайынұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.