Елена Рыбакинаның жарқын жеңістері алда– Болат Өтемұратов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондонда Уимблдон турнирі мәресіне жетіп, әйелдер арасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина топ жарды. Осыған орай Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында Елена Рыбакинаның тамаша табысы туралы әңгімелеп берді.