Марихуананы пойыздың дөңгелегіне қыстырып шекара асырмақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің "Солтүстік" өңірлік басқармасына қарасты "Семей" жеке тексеріп өткізу бекетінің "Ауыл теміржол" көліктік өткізу бекетінде қазан айының 4-і күні күндізгі сағат 13.00-де Қазақстаннан Ресейге қарай "Семей-Локоть" бағыты бойынша жүргелі тұрған № 3494 пойызын тексеру барысында шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен № 23 вагонның дөңгелектер жұбындағы серіппелерге тығылған, салмағы 500 граммнан астам "марихуана" есірткісіне тән иісі бар кептірілген шөп түйіншегін тапты.