Арыста пандемияға бөлінген қаржыны жымқырған 6 шенеунік сотталды
АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Арыс қаласында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің алты қызметкері сотталды. Оларға пандемия кезіндегі төтенше жағдай мен шектеу шараларына байланысты азық-түлік пен тұрмыстық қажеттілікке бөлінген қаражатты жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.