БҚО-ға Ақтөбеден 550 тонна, Атыраудан 250 тонна сұйытылған газ жеткізілмек
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазан айының алғашқы күндерінде өңірдегі автомобильдерге газ құю стансаларында газ отынының жетіспеуіне байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Соңғы екі күнде газ Оралдағы бір ғана стансадан талон бойынша босатылуда.