Ә. Жақсыбеков Литваның Сейм төрағасын Астанаға іс-сапармен келуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Литваның ғимараттарды жаңарту бағдарламасы, жол қозғалысын автоматтандыру мен автокөлік тұрақтарын ұйымдастыру жобалары Литва Республикасына жасаған ресми сапар аясында Астана әкімдігі делегациясының назарын аудартты. Бұл туралы бүгін Литва Республикасының Сейм төрағасы Лорета Граужиненемен кездесу барысында елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков хабарлады.